644

«Есіл» ауданының Ардагерлер кеңесі Елбасы мақаласын талқылады

Бүгін «Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысы мақаласының басты бағыттарын талқылау мен түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға «Есіл» ауданы Ардагерлер кеңесінің 50 белсендісі қатысты.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты бас директорының м.а. Жангелді Махашов және Астана қаласы мәслихатының депутаты Қарақат Әбден баяндама жасады.

«Президенттің бағдарламалық мақаласында бірінші кезектегі міндет ұлттық сана екені атап көрсетіледі. Ұлттық кодты сақтамаса, жаңғыру бос сөз. Тарих пен ұлттық салт-дәстүрлер міндетті түрде ескерілуге тиіс. Жаңа модернизация үздік дәстүрлерді ел дамуының маңызды шартына айналдыруға тиіс», - деп атап көрсетті Ермағанбет Бөлекбаев.

Спикерлер Елбасының Қазақстан әлемде пайдалы қазбаларымен және бейбіт бастамаларымен ағана емес, өзінің бірегей тарихымен және мәдени мұрасымен танылуы керек деген ұстанымын толықтай қолдайды. Сол себепті алдағы уақытта елімізде бірқатар нақты шаралар қабылдануға тиіс, соның ішінде Ұлттық аударма бюросы құрылады, ол үстіміздегі жылдың жазынан бастап үздік еңбектерді, үздік оқулықтарды қазақ тіліне аударуға кіріседі, бұл өзімізді әлемге танытуға мүмкіндік береді.

«Әлем жаңа тарихи циклға өтті. Сондықтан жаңа дәуірдің ең жақсысын алып, жаңа жағдайларға бейімделу қажет. Жеке тұлға ғана емес, біртұтас ұлт та өзінің бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып қана, табысқа қол жеткізе алады, дейді Президент. Осы ретте өзіңнің түп-тамырыңды ұмытпау керек. Өткенің деген құрмет пен сүйіспеншілік туған жерге деген қамқорлықтан басталады», - деп атап көрсетті аудан әкімі.

Тараптар ұлттық бірегейлікті сақтау басты міндеттердің бірі болып табылатынын атап көрсетті. Ұлттық салт-дәстүрлер, әдебиет мәңгілік халықпен бірге болуы тиіс. Өз өлкеңнің тарихын біліп, оны мақтан тұту дұрыс. Бірақ барлығымыздың ұлы ұлттың өкілі екенімізді ұмытпауымыз керек, - деп қорытындылады шараны ұйымдастырушылар.

Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті, оның барысында басты спикерлердің баяндамаларынан бөлек, аға ұрпақ өкілдері өз ой-пікірлерін білдірді. Аудан ардагерлері өз кезегінде жиналғандарға алда атқарылатын жұмыс бойынша өз кеңестері мен ұсыныстарын айтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109