494

Астананың кітапханалары латын әліпбиіне көшуді талқылады

Қазіргі заманғы жазушылар мен әдебиеттанушылар латын әліпбиіне көшу туралы бастаманы қолдайды және бұл өзгерістің қажет екендігін алға тартты. Әдебиет саласындағы мамандар мен баспалар мұрағат құжаттарды, ғылыми-техникалық әдебиетті, оқулықтарды, саяси басылымдарды, көркем әдебиетті және арнайы терминдерді латын әліпбиі бекітілген соң, бірден аударуға кірісуге дайын.

Астана қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өткен дөңгелек үстел барысында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру мәселесі талқыланды. 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру қажеттілігі туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап өтті. №5 балалар кітапханасында кітапханашылармен өткен кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайылов қатысты.

- Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру туралы мәселе төртінші рет көтеріліп отыр. Бұған қатысты халықтың пікірі әртүрлі – кейбіреулері басқа әліпбиге көшу процесі оңай болмайтындықтан кириллицаны пайдалануды жалғастыру қажет деп санайды. Бүгінде 90-шы жылдарға қарағанда латын әліпбиін пайдалану – заман талабы екені сөзсіз. Көрші түркі мемлекеттері – Әзербайжан, Өзбекстан және т.б. латын әліпбиін қолданады, біз асықпай, латын әліпбиін енгізу кезінде олардың тәжірибесін ескереміз, - деді депутат.

Сонымен қатар Астана қаласының №3 кітапханасында тіл мамандарының кездесуінде латын әліпбиінің басымдықтары мен кемшіліктері сөз болды. Жазушы-драматург Өтен Ахметов өз пікірін жеткізді.

- Тарих қайталанып жатыр – латын әліпбиін енгізу қазақ тілі үшін жаңашылдық емес. Көшбасшы өркениетті мемлекеттер қатарына енуге ниетті көп ұлтты мемлекет болғандықтан латын әліпбиінің Қазақстан үшін керек екендігін түсінуіміз керек. Қазіргі кезде мүмкіндіктер бар, адамдар жаңа әліпбиге көшуге дайын. Латын әліпбиіне көшудің әдебиетке әсері қандай болатынын жазушылар арасында көп талқыладық, біз жаңа технологиялар қолда бар қорды латын әліпбиін көшіруге мүмкіндік береді деген қорытындыға келдік. Оқырмандар арасында да қиындықтар туындамайды, бүгінде жастардың барлығы ағылшын тілін еркін меңгерген, олар үшін бұл өте оңай болады, деп атап өтті Өтен Ахметов.

Айта кетейік, 1929-шы жылдары қазақ тілі араб әліпбиін қолданған, 1929 жылдан бастап қазақтар латын әліпбиімен оқып-жазған, кириллица Қазақстанда 1940-шы жылдардан бастап енізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109