522

Мемлекет басшысының мақаласы қоғамда кең резонанс тудырды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел аузында. Елбасының үндеуін және мақалада белгіленген басты бағыттарды елордалық белсенділер талқылап жатыр.

Екі күннің ішінде Мемлекет басшысының мақаласын қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдар, жастар және ардагерлер бірлестіктерінің өкілдері, Ұлттық кітапхананың қызметкерлері, ҚХА және түрлі діни бірлестіктердің мүшелері ой талқысына салды. Олардың әрқайсысы жеке пікірлерін айтып, алдағы даму үшін айқын басымдықтар белгілеп алғанын атап көрсетті.

«Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бүгінгі аумалы-төкпелі заманда біздің қоғамды ары қарай дамыту жолдары ұсынылған. Аталған бағдарламалық құжат еліміздегі саяси реформамен және экономиканы жаңғыртумен қатар, әрбір қазақстандықтың іштей жаңғыруын меңзейді», - деп атап өтті Астана қаласы Алматы аудандық Ардагерлер Кеңесінің Президиум мүшесі Сағидола Бахралинов.

Астана қаласы Алматы ауданының ардагерлері аталған бағдарламалық мақаланың барлық тармақтарына қолдау білдіретіндерін айтты.

Жастар ұйымдарының, Жастар Конгресінің және Қазақстан Альянсының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері белсенді азаматтық ұстанымдарын танытып, барлық жерде жоғары оқу орындарында Ұлт Көшбасшысының мақаласын түсіндіріп, насихаттап жүр.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің идеологиялық жұмыстарына аса мән берілген. Ұлт көшбасшысы өзінің бағдарламалық мақаласында ұлттық рухты көтермейінше ешқандай өркендеудің болмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, дамыған 30 елдің қатарында ену үшін латын әліпбиіне көшуді ұсынды. Сонымен қатар, Елбасының 2017 жылғы жолдауында үш тілді білімді басты назарға алынғаны айтылған. Соның ішінде қазақ тілі басымдығы сақталатыны негізге алынған. Мектепте жоғары сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде өтетіні жастардың болашағына оң әсер тигізетіні анық. IT білімді дамытуды қос қолдап қолдаймын. Технология үздіксіз даму үстінде. Барлық салада электронды жұмыс істеу – уақыт тиімділігі деп ойлаймын. Бұл бағдарламалық мақала мен сияқты еліміздің болшағына алаңдайтын жастарға технологиялық заманауи дамудың және де болашағымыз еңбек арқылы жарқын болатына сенім білдіреді», - деп атап өтті Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Ақтоты Абимолдаева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109