1222

Елордада әлеуметтік маңызы бар «Меценаттар клубы» жобасы іске қосылады

Қоғамдық сананы жаңғыртуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Астанада елордалық кәсіпкерлер есебінен меценаттар клубы жұмыс істейтін болады. 

Әлеуметтік жобаның мақсаты – елордалық кәсіпкерлердің көмегімен қала тұрғындарының тұрмысын жақсарту, өмір сапасын арттырып, қолайлы жағдай туғызу, қауіпсіздік және қалада өмір деңгейін арттыру.

Қала басшысы атап өткендей, елордалық әкімдік жоспарлы жұмыс жүргізуде.

 - Жұмыс топтарының жиыны тұрақты түрде өтіп тұрады. Азаматтық қоғамдық институттарды, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерін, зерттеу құрылымдарын тартумен бағдарламаны өрлету бойынша кампаниялардың оқиғалық шаралары әзірленді. Қазіргі уақытта «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» сынды 4 бағдарлама бойынша 162 шара іске асырылуда, - деді А. Исекешев.

Онымен бірге әкім кәсіпкерлерді қоғамдық сананы жаңғыртуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлеуметтік бастамалар картасын іске асыруда белсенді атсалысуға шақырды. Аталмыш бағдарламада қоғамдық бастамалар, гуманитарлық акциялар, қайырымдылық бойынша шаралар қарастырылған. Әкім сондай-ақ кәсіпкерлерді Астана қаласының меценаттар клубының қатарына қосылуды шақырды. Бүгінде 34 млрд теңгеге әлеуметтік маңызы бар 188 жоба ұсынылған, оның ішінде тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық саласында-31 жоба, абаттандыру саласында-85 жоба, мәдениет, білім және спорт саласында – 22 жоба және рухы мықты адамдар үшін-50 жоба.

Бірінші қажеттілік қатарында – футбол алаңын, шағын сәулет формаларын құру, жаттығу құрылғыларын орналастыру, қоршау салу. Әкім мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге ерекше ден қойды. Себебі мекемелердің көбінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалмаған. Осы орайда ол бизнес өкілдерінен мүгедектерге барынша қолғабыс көрсетуді, жағдай жасауды сұрады. 

- Жұмысымыздың ортақ әлеуеті – қала тұрғындарына қолайлы жағдай туғызу, - деді әкім. Өз кезегінде елорданың бизнес қауымдастығы жобаға қолдау білдіруге дайын екендігін білдірді.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109