1112

Елордалық ардагерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарын талқылады

Бүгінгі күні астаналықтар Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қызу талқылауда. Өз кезегінде ардагерлер ұйымдарының мүшелері де бағдарламаны жүзеге асыруда қомақты үлес қосуға дайын.

«Есіл» ауданының ардагерлер Кеңесінде кеңейтілген төралқа және бастапқы ардагерлер ұйымы төрағаларының, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың рухани жаңғыруы» атты мақаласын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын талқылау мақсатында отырыс өткізілді.  

Кездесу барысында аудандық ардагерлер Кеңесі комиссиясы жұмысының негізгі бағыттыры – ұйымдастыру-әдістемелік, жастардың патриоттық тәрбиесі, ұлтаралық келісім және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері қарастырылды. Аталмыш комиссиялардың жетекшілері Марат Исажанов, Салман Геров және Галина Дырив өз баяндамаларын оқыды.

Ардагерлер Кеңесінің күнделікті жұмысы – халықпен жұмыс. Адамдарды қабылдау, кеңес беру, тіркеуге алу, науқас адамдардың халін сұрау, зейнеткерлердің келіп түскен сұрақтары мен мәселелерін шешуде көмек беру – мұның бәрі ардагерлер қозғалысы белсенділерінің күнделікті өмірінің тек шағын бөлігі ғана. Зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуді де естен шығармай – түрлі концерттерге, саяхаттарға, театр және көрмелерді тамашалауға, конференциялар мен спорттық сайыстарға қатысу үшін шақырылады. Ауданда шағын-орталықтар жұмыс жасайды. Өнер ұжымы құрылды, деп мәлімдейді аудандық ардагерлер кеңесінің қызметкерлері.

Бүгінде, «Есіл» ауданының ардагерлер Кеңесінде 14 500 зейнеткерлерді қамтып отырған 100 бастапқы ұйымдар бар. Жалпы ауданымызда 8-Ұлы Отан соғысының мүшесі, 488-тыл жұмыскерлері, 490-көпбалалы аналар тұрады. Барлық жұмыс бірде бір зейнеткердің назарсыз және қолдаусыз қалмауын қадағалауға бағытталған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109