1148

Астанада «Мейірімділік шуағы» қайырымдылық акциясы өтті

Өткен демалыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңбері барысы бойынша «Мейірімділік шуағы» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция аясында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ зейнеткерлерге лайықты құрмет көрсетілді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы-елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы. Ал қайырымдылық акциясының демеушілері  - Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Х.Х. Шарипов пен «Ахметова» ЖК.

«Мейірімділік шуағы» атауымен өткізілген қайырымдылық акциясына 128 адам қатысып, оның барысы бойынша «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды. Олар бір күндік экскурсияда павильондарды аралап, ғажайып көріністердің куәгері болды.  Сонымен бірге, іс-шара барысында демеушілер қайырымдылық акциясына арнайы шақырылған меймандарға Латын-Америка павильонына орын тепкен дәмханада түскі ас ұйымдастырды.

Қазақстан халқы ассамблеясы атынан қатысушыларға «ЭКСПО-2017» тақырыбына қатысты бейнелеген әрі керекті жабдықтармен қамтылған кәдесый пакеттері берілді. Жалпы, «Мейірімділік шуағы» акциясы жарқын мерекенің көрінісі ретінде өткізіліп, қайырымдылықтың ерен үлгісін паш етті.

«Осындай маңызды шара тек балаларға ғана емес, зейнеткерлерге де зор қуаныш сыйлады. Сондықтан біз баршамызға ерекше әсер қалдырған ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз», - деп бөлісті  «Радима» беларусь қоғамының мүшесі В.Ф. Кириченко. 

Мұндай акцияларды қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері ұдайы өткізіп келеді. Осы жолы ЭКСПО-ға жасалған экскурсияны ұйымдастыруға «Возрождение» неміс қоғамы, «Поляк» және «Оберег» украин қоғамдық бірлестіктері атсалысты. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109