1396

Астанада Абай оқуларының апталығы басталды

Бүгін Астана қаласының әкімдігімен Абай ескерткішінің алдында ұлы Абайдың туған күніне арналған «Абайдың рухани мектебі» атты әдеби-сазды іс-шара өтті. 

Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухына тағзым ету, Абайдың рухани құндылықтарын көрсете отырып, әдеби мектебін, тіл мектебін, ұлт пен рух мектебін ашу, ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру.

Шара Абай ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды.

- Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астанада 200 мәдени-бұқаралық шара өткізілуде. Абайдың туған күні - маңызды шаралардың бірі. Осыған байланысты елордада Абай апталық оқулары басталады. Қалалық алаңдарда, жастар орталықтарында және студенттік ұйымдарда түрлі әдеби шаралар өтеді. бұл шаралар Абайдың рухын ұлықтауға бағытталып отыр», - деді Астана қ. әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Ұлы Абайдың туған күніне арналған «Абай әлемі және рухани жаңғыру» атты іс-шараға ҚР Парламенті және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, аудан әкімдіктерінің өкілдері, мемлекеттік орган, мекемелер мен кәсіпорын басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен қарттар, жас ақындар және қызығушылық танытқан барша елорда тұрғындары мен қонақтары шақырылған. 

Іс-шара барысында белгілі айтыскер Аманжол Әлтай арнауын тарту етеді, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жыршы, термеші Елмұра Жаңабергенова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, «Астана Акапелла» квинтеті т.б. Абайдың әндерін орындайды, «Серпер» домбырашылар тобы Абайдың күйін шертеді,  Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртісі Қасымхан Бұғыбай «Абай монологын» ұсынады және ақындар Абайдың өлеңдері мен Абайға арнаған өз жырларын паш ететін болады. Көрермендерге Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Абайдың мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

- Бізде 16 жасар Ғаламат есімді жас жігіт бүгін алғаш рет Абайдың «Абайдың толғауы» күйін орындайды. Оған қоса елорданың жас ақындары Абайға арнап алғаш рет өздерінің өлеңдерін оқиды», -деді Астана қ. тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Ержан Еңсебаев. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109