1261

Елбасы кітапханасында «Абай оқулары» әдебиет сайысы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

23 тамызда Елбасының кітапханасы «Абай оқулары» атты әлеуметтік желілердегі жыл сайынғы әдебиет сайысының нәтижелері қорытындыланды.

Естеріңізге салсақ, «Абай оқулары» атты жылсайынғы әдебиет сайысы ұлтымыздың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өткізілген болатын. Оған қатысқан жұмыстармен Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде #біздіңАбай #Абайәдебиетсайысы #ЕлбасыкітапханасыАбай хэштегтерінің көмегімен танысуға болады. Байқау 2017 жылдың 3 тамызында жарияланған болатын.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы облысы Қаскелең қаласындағы «Аяжан Қарасай» медициналық колледжінің түлегі Салтанат Өтебай қанжығасына байлады. ІІ дәрежелі дипломмен Астана қаласы Қазақ ұлттық өнер университетінің 2 курс студенті Рауан Әбдуали марапатталды. ҮштіктіСолтүстік Қазақстан облысы Ақбұлақ ауылындағы Чехов орта мектебінің 11 сынып оқушысы Виктория Вьюшкина мен Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Бағила Ниетуллаева түйіндеді.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қайназар орта мектебінің оқушылары, апалы-сіңлілі Дариябай Әсел мен Аружан ынталандыру сыйлығы мен «ең жас қатысушы» номинациясын иеленді. Ал Ноттингем университетінің 2 курс студенті Жанбота Дүйсебаева «Абай мұрасын әлемдік кеңістікте дәріптеу» номинациясының жүлдегері атанды. Оларға тың кітап топтамалары мен бірегей естелік сыйлықтары тарту етілді.

Шара барысында көпшілік назарына ұсынылған кітап көрмесінде Кітапхана қоры мен Елбасының жеке кітапханасындағы бірегей басылымдар берілді. Қонақтар Абай туындылары алғашқы аудармаларының түпнұсқаларымен танысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109