1168

Алғашқы «Astana Vine Fest 2017» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Әлеуметтік-мәдени жоба жастар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қазақстанның «Batyroff», «Yurframe», «Nagimuwaa», «ХаХа_Show» секілді белгілі вайнерлері 5 аталым бойынша алдын ала берілген тақырыптарда өз жұмыстарын (вайндарын) ұсынды.

Фестивальдің ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

-Біз «Astana Vine Fest 2017» вайнерлердің алғашқы фестивалі қызықты жастар жобалары ішінде өз орындарын алатынына сенгіміз келеді. Астана қаласы әкімдігінің атынан фестивальдің барлық қатысушыларына алғыс білдіремін. Бүгін біз үлкен креативті жұмыстардың куәгері болып, лайықты қатысушылар жеңімпаз атанады деп ойлаймын, - деді фестивальге қатысушылар мен қонақтарға Ермек Аманшаев. 

Бірінші вайнерлер фестивалінің әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпазы атанды: Т_Jokers - «Жылдың үздік ролигі», Meirzhan_Bas_Production - «Үздік ер рөлі», Nagimuwaa- «Үздік әйел рөлі», Azimakula - «Үздік эпизодтық рөл», Togy_Dell -«Халық таңдауы». Фестиваль жеңімпаздарына естелік сыйлықтар мен 300 мың теңге көлемінде фестиваль демеушілерінен ақшалай жүлделер табысталды.

-Біздің фестиваль мультипликативтік әсер береді деп ойлаймыз. Себебі еліміздің үздік вайнерлер мен блогерлерінің жалпы жазылушылар аудиториясы 10 млн адамнан асады. Негізінен оның басым бөлігі – жастар. Сондықтан біз маңызды «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жастарға барыншы түсінікті етіп жеткізгіміз келді. Мақсатымыз – өскелең ұрпаққа мемлекет басшысының елімізде жүзеге асырып жатқан жаңа идеялары мен бастамаларын түсіндіру болды, - дейді Астана қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Асхат Оралов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109