1002

Қазақстандық бизнес әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуы тиіс

Цеснабанк әлеуметтік жауапкершілік принциптерін бұлжытпай ұстанады, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне «Цеснабанк» АҚ басқармасының төрағасы Ержан Таджияқов.

Қайырымдылық қаржы мекемесі қызметінің бөлінбес бір бөлшегіне айналды.

-Қайырымдылық қызметтің негізгі бағыты банк саясатының корпоративті әлеуметтік жауапкершілік саласында бекітілген. Оның ішінде ардагерлерге де қолдау көрсету бар. Ардагерлерге деген біздің көмегіміз – ерліктері мен еңбектеріне деген тағзымымыз, бақытты да бейбіт өмір үшін күрескен адамдарға деген алғысымыз. Өткенсіз бүгінің жоқ, ал бүгінсіз болашақ болмайтыны белгілі. Цеснабанк ұрпақтар дәстүрін құрметтеп, жалғап келеді, - дейді Ержан Таджияқов.

Банктің қайырымдылық қызметінің ең басты бағыты – «Ардагерлерді қолдаймыз!» акциясы болып табылады. Ол шара биыл осымен екінші рет өткізілуде. «Цеснабанк» АҚ аймақтарда 23 ардагерді өз қамқорлығына алды. Ай сайын оларға 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіліп тұрады.

Қазіргі таңда елордада 121 ардагер тұрып жатыр. Жеңіс күні қарсаңында олардың әрқайсысы Цеснабанктен 100 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек алды.

ЕржанТаджияқовтың пікірінше, бизнес әлеуметтік жобаларға белсенді қатысу керек.

-Әлеуметтік жауапкершілік – бұл келешек ұрпақ қамы үшін жалпы адами құндылықтарды сақтап, дамытуды қолдайтын компаниялар философиясы. Цеснабанк қашанда қоғамның ұзақмерзімді қызығушылығынескереді. Өз тарихымызда біз тек алдымызға қойған бизнес-міндеттерімізді ғана шешуді мақсат етпейміз, сондай-ақ қоғамның дамуына өз үлесімізді қосуға ұмтыламыз, оның ішінде әлеуметтік жобаларға қатысамыз. Өз тарапымнан мен Қазақстан бизнес-қауымдастығын әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуға шақырамын, - деді Е.Таджияқов.

Ардагерлерге және аз қамтылған азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық таныту қазақстандық бизнес өкілдері үшін басым міндеттердің біріне айналды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай, қазақ халқының ең үздік салты мен мәдени құндылықтары өткенді, бүгінді, келешекті байланыстыратын рухани тұғырға айналады.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109