932

Латын қарпіне көшу – еліміз үшін Ұлы көшке ілесудегі батыл бастама

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айнасын тапқан бастамасына елорданың жастары да қолдауын білдіріп отыр. Олар қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшірілуін заман талабы деп есептейді. 

Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі Асхат Ораловтың пікірінше, қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіліруі тек мемлекетіміз үшін емес, халқымыз үшін де аса маңызды қадам болып табылады. 

– Тарих беттеріне көз жүгіртсек, қазақ халқы бірнеше ғасыр бойы араб графикасына негізделген әліпбиді пайдаланса, 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолдануда. Заман ағынына қарай өркениет көшіне ілесу үшін бізге жаңа, тың, бастысы, өз әліпбиіміздің қалыптасу қажеттілігі тұрды. Осы тұрғыда бұл қадам орынды деп білемін,– деп бөлісті Асхат Оралов. 

Сондай-ақ, ол бүгінгі күні әлемнің басым бөлігі латын қарпін пайдаланатындықтан, сол қаріпке әліпбиімізді көшіру уақыт күттірмес шаруалардың бірі екендігін атап өтті. Түркі тілдес елдердің көпшілігі латын әріптеріне көшкен. Түркия, Әзірбайжан, тіпті, Өзбек бауырларымыздың өзі латын графикасына негізделген әліпби пайдалануда. Сондықтан, әрине, бәрін таразылап, ортақ шешім шығару қажет. Өйткені бұл, ең біріншіден, халқымыз үшін барынша ыңғайлы болуы тиіс. 

– Енді бір тиімді тұсы және ең бастысы «Қазақстан» деген сөздің өзге тілдерге эквиваленті қатесіз жазылып, мемлекетіміздің атауы дұрыс аталуында. Бұрын әлемдік алпауыт ақпарат құралдарына біздің жаңалықтарымызды жариялау үшін алдымен орыс тіліне, кейін ағылшын тіліне аудару қажет болатын. Соның өзінде кейбір сөздер қате аударылып, мағыналық мәнін жоғалтатын. Ал латын әріптерін пайдалану арқылы бұл оқылықтың орны толтырылады деп сенеміз. Кейбір түсініспеушілік туындауы мүмкін жерлерде мамандарымыз, ғалымдарымыз түсіндірме жұмыстарын жүргізетіндіктеріне сеніміміз мол. Себебі, бұл әліпби, ең бастысы, халыққа ыңғайлы және пайдалы болуы үшін әзірленуде, – деп атап өтті жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі. 

Қорыта келе, Асхат Оралов елорда жастарының осындай ұлттық деңгейдегі игілікті бастаманы қолдауға қашанда дайын екендігін баса айтып, барлық жастарды, елорда тұрғындарын қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бастамасын қолдауға шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109