999

Қазақ жазбасын халықаралық тілдесу әліпбиіне көшіру ұзақ мерзімді перспективада стратегиялық түрде ақталған

Астана қаласының кәсіподақтар активі латын графикасындағы қазақ әліпбиін енгізу бастамасын қолдауға шақырды. Бүгін Астана қаласы кәсіподақтарының Үйлестіру кеңесінде Елбасының бастамасын қолдау жөніндегі үндеуге қол қойылды. 

Республиканың еңбек адамы мен барша халқына арналған үндеуінде елорданың кәсіподақтар активі қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі бүгінгі заманның сын-тегеуріндеріне деген жауап болып табылатындығын атап өтті.

«Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында атап көрсеткен қоғамдық сананы жаңғыртудың басты аспектілерінің бірі болып қазақ жазбасының латын қарпіне көшірілуі табылады. 

Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алып, сондай-ақ, бай адами  әлеуетке ие бола отырып, жаһандану ғасырында ел мен ұлттың болашағын қазақ жазбасының әлемде ең кең деген көлемде таралған латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшірумен байланыстырады. 

Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі бүгінгі заманның сын-тегеуріндеріне деген жауап болады. Жазбаға қатысты реформалар Қазақстанның болашақ ұрпағына ағылшын тілін тереңрек үйренуге, түпдеректерден  жаңа техникалық прогресстер, технологиялар туралы білуге, практиклық тұрғыда оларды меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл тұста жаңа ұрпақтың орыс тілін кирилл қарпінің негізінде үйренуіне мүмкіндігі де болады», - делінген үндеуде. 

Астана қаласының кәсіподақтар активі қазақ жазбасының халықаралық халықаралық тілдесу әліпбиіне көшуі мерзімді перспективада стратегиялық түрде өзін ақтады деп есептеп, еңбек адамы мен бұқараның барлық топтарын елде қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан реформаны терең түсінуге шақырды. Осылайша елорданың кәсіподақтар активі аталмыш реформаның ел болашағы мен заманға сай әрі бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу үшін біздің өмірге енгізілуін қолдауға шақырды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109