1739

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдауға бағытталған кең ауқымды акция басталды

15 қыркүйекте Астана қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ірі ауқымды «Рухани жаңғыру» жалпы республикалық жастар акциясы басталады.

Акция еліміздің бүкіл аумағында 15-22 қыркүйек аралығында өтеді.

Аталмыш шараның басты мақсаты: жастардың рухани жаңғыру принциптеріне деген қызығушылығын ояту.

Шараға жастар, қоғамдық пікір көшбасшылары, танымал тұлғалар және меценаттар қатысты.

Акция аясындағы 7 күн ішінде еліміздің барлық облыстық және аудандық орталықтарында, қалалар мен ауылдық округтерде “Білім”, “Асар”, “Тағзым”, “Өнер” атты 4 бағыт бойынша іс-шаралар кешені өтеді.

«Білім» - бағдарламалық мақаланы, Қазақстан және туған жер тарихын білу бойынша жаппай викторина, дебаттар.

“Асар” – мұқтаж жандарға, зейнеткерлерге, егде жастағы жалғызілікті адамдарға, балалар үйлеріне көмек қолын созу, балалар алаңдарын жөндеу және т.б.

“Тағзым” – тұрмыстық орындарды (су арналарын) жиыстыру және абаттандыру, ағаш отырғызу.

“Өнер” – барлық қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдық округтерде түрлі қосалқы мәдениет өкілдерінің қатысуымен өтетін жастар фестивалі.

-Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ірі ауқымды «Рухани жаңғыру» жалпы республикалық жастар акциясы басталады. Акция елорданың символы - «Бәйтерек» монументі алдында басталады. Оған 1000-нан астам белсенді қатысады. Бұл акция еліміздің өзге өңірлерінде де қолдау табады. Сағат 12.00-де республиканың барлық облыс орталықтарында дәл осындай шара өтеді. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен өңірлердің әкімдерімен ұйымдастырылуда, - деді Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Асхат Оралов.

Атап айтқанда, Астана қаласында өтетін акцияға түрлі санаттағы жастардың 1000-нан астам өкілі қатысады. Олардың ішінде оқушылар, студенттер, еңбекші жастар, спорт және мәдениет өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары бар. Шара барысында жастар «Рухани Жаңғыру» сөздерін бейнелеп, сапқа тұрады, флешмоб өткізеді. Акция, сондай-ақ, музыкалық нөмірлермен және викториналармен жалғасып, олардың барысында жеңімпаздар «Рухани Жаңғыру» деген логотип бейнеленген және тақырыптық жазулары бар жүлделер мен футболкаларға ие болады.

22 қыркүйекте Маңғыстау облысының Ақтау қаласында акция өз мәресіне жетеді.

Акция жаңалықтарын БАҚ-тан және Instagram әлеуметтік желісінен #Туғанжер #РуханиЖаңғыру #Астана #Алматы хэштегтері және т.б. арқылы көре аласыздар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109