1022

Елордалық ҚХА қазақ тілінің латын қарпіне жүйелі әрі кезең-кезеңімен көшуі үшін

Мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуі бойынша әліпбидің бірыңғай стандартын енгізу сұрақтарын бірыңғай республикалық жалпыхалықтық талқылау күні аясында Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының, қоғамдық келісім кеңесінің және аналар кеңесінің мүшелерімен бірлесіп кеңейтілген отырыс өткізді.

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңейтілген отырысының басты мақсаты мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне кезеңмен көшу мәселесін талқылау болды.

Отырысқа мемлекеттік органдардың, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері мен ғылыми-сараптамалық топтың, қоғамдық келісім кеңесінің, Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің мүшелері, лингвист-ғалымдар, тіл мамандары, тарихшылар, түркологтар және басқа да салалық сарапшылар қатысты. 
Кеңейтілген отырыс барысында қатысушылар Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ұлттық комиссия жанындағы жұмыс тобы дайындаған жаңа әліпбидің бірыңғай стандарт жобасын жан-жақты талқылады. Олар мемлекеттік тілдің латын графикасына жүйелі және кезең-кезеңімен жүзеге асырылуын бірауыздан қолдап, ары қарай түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін айтты.

- Әріптерді дайындау барысында өзге елдер латын әліпбиіне көшкен кезде тап болған мәселелер ескеріліп, соның арқасында қазақ латын әліпбиі жетілдірілген болып шықты. Латын графикасын кеңес кезінде енгізіп, пайдаланған шетел тәжірибесінің және де түркі мемлекеттерінің: Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінде енгізудің ерекшеліктері ескерілді, - деп санайды тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның әзірбайжан мәдени орталықтары одағының президенті, Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы В.К.Салахов. 
Астана қаласының ҚХА өкілдері мемлекетіміздің барлық азаматтарын ары қарай талқылауға қатысуға шақырды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109