1106

Көне Бозық қалашығы орнында елорда оқушылары мен студенттеріне ашық сабақ өткізілді

16 қыркүйек Астана қаласының әкімдігі елорданың оқушылары мен студенттері үшін Ильинка тұрғын үй массивіне жақын жерде орналасқан көне Бозық қалашығы орнында ашық сабақ өткізді. 

Шара барысында белгілі тарихшылар мен археологтар жастарды VI-XV ғасырларға жататын Бозық қалашығының тарихымен таныстырды.

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана әкімдігі тарапынан көптеген іс-шаралар өткізілуде. Оның ішінде ең маңызды бағыттарының бірі «Туған жерді» жүзеге асыруға ерекше мән берілуде. Биыл 2 қыркүйек барлық мектептерде туған өлкесінің, жалпы елінің тарихына арналған сабақтар өткізілді. Бұл жұмыстардың жалғасы ретінде бүгін Бозық қалашығы орнында оқушылар мен колледж, жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен ашық сабақ ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақ өзінің туған жерінің тарихын тануға қызығушылық танытуда. Бүгінгі сапар барысында балалар уақыт байланысын сезініп, бұл тарихи орын туралы біліп, ерекше әсер алды деп ойлаймын, - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев. 
Оның сөзінше, елорда әкімдігі ерекше тарихи орындарды сақтау үшін кешенді шаралар әзірлеуде.

-Қазір біз «Киелі Астана» картасын дайындаудамыз. Оған 20-ға жуық тарихи, мәдени ескерткіштер енеді. Сондай-ақ біз ол ескерткіштерді консервациялау, қайта қалыпқа келтіру, музеефикациялаудан өткіземіз. Оның ішінде бұл карта аясында Бозықты да музеефикациялау мәселесі қаралу керек. Сонда бұл тарихи мекенге тек оқушылар ғана келмейді, қаланың қонақтары да ат басын бұратын болады, - дейді қала басшысының орынбасары. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109