1507

«Сарыарқа» ауданының əкелер кеңесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуына ықпал етуге шақырады

Бүгін Астана қаласының № 60 мектеп-лицейінде Білім және ішкі саясат басқармасының, сондай-ақ Астана қаласының ІІД қолдауымен Сарыарқа ауданының әкелер слеті өтті. Іс-шара «Болашаққа бағдар жол: Рухани жаңғыру» Президенттің бағдарламалық баптарын іске асырумен байланысты Қазақстан тарихындағы маңызды сәтке ұштастырылды.

«Әкелер мен балалар – болашаққа көзқарас» тақырыбына арналған іс-шаралардың басты қатысушылары өз мектептерінде конкурстық іріктеуден өткен Сарыарқа ауданының мектеп оқушыларының әкелері болды. Сонымен бірге, жиналысқа Президент Әкімшілігінің, Білім және ғылым министрлігінің, бірқатар басқа жауапты мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. 

Жиналыс шеңберінде қатысушылар ата-аналар қауымдастығын, оның ішінде әкелерді толқындыратын өзекті мәселелерді талқылады. Бұл мәселелер балалар қауымының қауіпсіздігіне, балаларды ғаламтордың бүлдіргіш әсерінен қорғау, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу, медициналық екпелер, мектептер, ата-аналар қауымдастығы, мұғалімдер, мектеп оқушылары арасында өзара қарым-қатынастар этикасы мен мәдениет деңгейін арттыруға қатысты мәселелер. 

Мәселелерді талқылау барысында әскери-патриоттық тәрбиелеу тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. №60 мектеп-лицейдің басшылығы мен ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері әскери-патриоттық клубтар мен кадет сыныптарын ашу бастамаларын жылжыту туралы мәселелер қарастырылды. 

Сонымен бірге, іс-шара шеңберінде әкелердің балаларды тәрбиелеу рөлінің маңыздылығының негізгі аспектілері ашылды. Қатысушылардың назарына видеоматериалдар көрсетілді, мәдени нөмірлер ұсынылды, көрме ұйымдастырылды. Астана қаласының Сарыарқа ауданының әкелер жиналысының қорытындысы бойынша қатысушылар жергілікті атқарушы органға бағытталатын бірқатар ұсыныстарды қабылдады. 

«Сарыарқа» ауданында білім алатын балалардың әкелері ата-аналар қауымдастығын, мектеп оқушыларын Елбасының «Болашаққа бағдар жол: Рухани жаңғыру» бағдармалық мақаласында қарастырылған реформаларды іске асыруға ықпал етуге, отандық білім беру жүйесін одан әрі жаңғыртуға және дамытуға белсенді назар аударуға, өскелең ұрпақ арасында салауатты отбасы құндылықтарына дағдыландыру бойынша күштерді, патриотизмді және махаббат сезімі мен ата-ана алдындағы борышын өсіріп жетілдіруге назар бөлуге шақырады. 

Осы ұсыныстар Астана қаласы бойынша қалалық әкелер слетін дайындау мақсатында қолданылатынын атап өтеміз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109