1110

Астананың түрлі мемлекеттік құрылымдарының қызметкерлері Абай оқуларында бақ таластырды

Елордада Қазақстан халқы тілдері ХІХ қалалық фестивалі аясында«Абай дана, Абай дара қазақта» байқауы өтті.

«Абай дана, Абай дара қазақта» байқауының негізгі мақсаты Абай мұралары арқылы мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ әдебиеті мен мәдени мұраларына деген құрметті арттыру болып табылады. 
«Тілеп-қобыз» сарайында өткен байқауға елорданың әртүрлі құрылымдарынан бірнеше команда қатысты. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің, №10 емхананың, спорт мектептері мен «Алау» мұз айдынының қызметкерлері Абайдың қара сөздерін жатқа айтты, ұлы ақынның әндерін аспаптармен орындады. Абайдің өмір жолы мен шығармашылығына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Әр кезеңдерде қатысушыларға музыканттар, ақындар, дикторлар мен актерлер көмектесіп отырды.

Байқауда №10 емхана командасы 3-ші орынды қанағат тұтты, 2-ші орын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне берілді, Ал Астана қаласының Ішкі істер департаментінің командасы жеңімпаз деп танылды. 
Байқау барысында сондай-ақ, «Үздік өлең оқу шебері», «Үздік қара сөз оқу шебері», «Үздік ән орындаушы» секілді аталымдар бойынша үздіктер анықталды. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109