1029

Астанада әкелер форумы өтті

13 қазанда  Оқушылар сарайында Астана әкімдігінің қолдауымен әкелердің қалалық форумы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Форумға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, елорда мектептерінің бетке ұстар оқушылары қатысты.

Биыл шара еркін форматта өткізілген болатын. Қатысушылар өзін қызықтырған сұраққа бірден жауап алды.

«Біз өзекті деген бірнеше мәселені көтердік. Бұл - өскелең ұрпаққа тәрбие беру проблемасымен, әкелердің бала тәрбиесіне қатысуымен, жаңа технологиялардың балалардың дамуына әсер етуімен байланысты сұрақтар. Біздің басты мақсатымыз – тәрбие саласындағы біліммен, тәжірибемен бөлісу, -деді форум барысында сөз сөйлеген Астана қаласы білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Дулат Жекебаев.

Кездесу  балаларды тәрбиелеу ісіндегі әкелердің мәртебесі мен жауапкершілігін жоғарылатып, отбасылық құндылықтардың дамуы мен нығаюына септігін тигізді. Әкелер одағының төрағасы Қуаныш Жұматаевтың атап өтуінше, тәжірибе жүзінде өткізілетін мұндай форумдар әкелер үшінғана емес, аналар үшін де маңызды.

«Бүгінгі күні біздің Одақта 17 белсенді әке бар. Алайда ел бойынша қатарымыздағы әкелердің саны бұдан бірнеше есе артық. Республиканың 8 қаласында біздің Одақтың өкілдері бар. Қазір біз 15 мыңға тарта адамды қамтып отырмыз. Олар бізді біледі де, қолдайды да», – деді Қуаныш Жұматаев.

Қалалық әкелер форумы Білім беру басқармасымен 2015 жылдан өткізіліп келеді. Оны өткізу жөніндегі негізгі идея осыдан 5 жыл бұрын Астана қаласының №59 мектептің базасында туған еді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109