1130

№ 6 гимназияның түлектері өздері оқыған мектепке мехатрон жабдығын сыйға тартты

Оқу орнының танымал түлектері туған мектебіне жаңа оқу құрал-жабдығын сыйлады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Түлектер тобы астаналық № 6 гимназияда қонақта болып қайтты. Олар кезінде республика бойынша ең бірінші мехатроника мен робототехника сыныбын өздерінің қолдауымен ашқан болатын. Гимназияның педагогтарымен, оқушыларымен кездесуге Ә.Жақсыбеков, С.Жақсыбеков, А.Сухоцкий, Н.Тихонюк, С.Фомичев, М.Чирков келді.

«Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылғандай, өздері туып-өскен, білім алған туған өлкесіне көмек беру туралы мәселе қарастырылған. Мен де сіздердің бізден үлгі алып, жолымызды жалғастыратындарыңызға сенімдімін», - деді гимназия түлегі ҚР Президент Әкімшілігінің қазіргі басшысы Әділбек Жақсыбеков оқушыларға қарата айтқан сөзінде.

Мемлекет басшысының идеясын қолдаған түлектер тобы туған мектебіне заманауи жаңа мехатрондық оқу құрал-жабдығын сыйлады.

Мехатроника - қазіргі таңда электронды-есептегіш техниканың дамуын анықтайтын, яғни интеллектуалды машина жасауға басымдық беретін сала. Ол өзіне механика, микропроцессорлық техника, информатика, электроника және машиналар мен агрегатты қозғалтуды компьютермен басқару ісін біріктіреді. Астанадағы №6 гимназияға орнатылған жабдық пневматиканың негізгі принциптерін, ауаның ерекшелігін, ал физикалық негіздегі көлемін, қысымын, күшін, сондай-ақ заманауи деңгейде механизмдерді бағдарламалаудың негізін де үйреніп, зерттеуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында №6 гимназия мен Астана қалалық Политехникалық колледжі арасында мехатроника бойынша оқитындар арасында жарыстар мен олимпиадаларға қатысу, оқушыларды кәсіби бағытқа даярлауды жүргізудегі әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Акция Астана әкімдігінің қолдауымен өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109