958

Астанада Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған конференция өтеді

27 қазанда елордада «Алаш мұраты және рухани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орайластырылған шара Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтпек. Конференцияның мақсаты: Алаш автономиясының, Алашорда үкіметінің, «Алаш» партиясының идеяларын және елді тәуелсіздік мұратына ұйыстырған Алаш арыстарының мұраларын насихаттау, мемлекет тарихын көпшілікке дәріптеу, патриоттық қоғамды қалыптастыру.

Алқалы жиын барысында 1917 жылғы жалпы қоғамдық-саяси жағдай; Алашорда көсемдерінің қызметі; Алаш Ренессансы және ұлттық рухани жаңғыру тақырыптары бойынша баяндама жасалып, Елбасы алға тартқан «Рухани жаңғыру» идеясы мен Алаштың негізгі ұстанымдары арасындағы  сабақтастық көрсетілетін болады. 

 Конференцияның жұмысына  белгілі алаштанушылар, ғалымдар, қаламгерлер, депутаттар, мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың, музей-кітапханалардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің, оқу орындары мен мектептердің және бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері, жас ғалымдар мен мамандар, оқытушылар мен студенттер қатысады деп күтілуде.

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының таратылған хабарламасында көрсетілгендей, конференция жұмысына азаматтар өз еркі бойынша да қатыса алады. Ол үшін ниет білдірушілер ұйымдастырушылармен байланысқа шыға отырып, конференция тақырыбына сай қазақ, орыс, түрік тілдеріндегі материалдары мен баяндамаларын (мақалаларын) 23 қазанға дейін e.ensebaev@astana.kz электрондық поштасына жолдауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109