904

Бейне тұсаукесерлер байқауының жеңімпаздары анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанаттары арасында этномәдени бірлестіктің үздік бейнетұсаукесерін анықтауға бағытталған байқау ұйымдастырылды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйытқы болуымен екінші рет өткізілген бұл байқаудың мақсаты - қазақстандық патриотизмді нығайту және жастарды азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу. Ол, сондай-ақ, Қазақстанда тұрып жатқан этностардың өзіндік мәдени мұра ерекшелігін сақтауға, этносаралық қатынастарды нығайтуға, жас ұрпақтар бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіруге, жаңа бастамаларды белсенді түрде іске асыру үшін шығармашылық қызметті ынталандыруға бағытталған.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің, қаладағы жастар ұйымдары және қоғам өкілдері қатысты.

Жиын барысында сөз сөйлеген байқау комиссиясының төрағасы, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә. Әлпейісов конкурсқа ұсынылған жұмыстардың өткен байқаулармен салыстырғанда сапасы артқанын, байқауға қатысушылардың идеялық мазмұнды сақтағанын, сондай-ақ олардың өз мәдениеті мен этномәдени бірлестіктер қызметін ашып көрсете алғандығын атап өтті.

Осылайша байқау қорытындыларына сәйкес, «Астана қаласы корейлер этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі жас ұрпақтарының бейнетұсаукесері ең үздік деп танылды. Екінші орын «Оберег» украиндар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне берілсе, «қола» жүлдені «Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанаты еншіледі.

Айта кетейік, байқауға барлығы 7 этномәдени бірлестіктің жастар қанаты қатысқан болатын. Қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтары табысталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109