1367

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптар таныстырылды

Бүгін Астана қаласы әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған кітаптардың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Кітаптар Астана қаласынның 20 жылдығын атап өту барысында қолға алынған шаралардың басы. Бірінші кітап Саухат Жұмагүлдің «Сағындырған асылдар» атты кітабы. Бұл кітапта қазақ ұлтының өнеріне, мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың еңбектері енген.

«Бұл кітапқа астанамыз Алматыдан Астана көшкенде Елордамыздың мәдени, әдеби ортасын қалыптастырып, өнер ордасын құруға атсалысқан ақын-жазушылардың ой тұжырымдары, толғаныстары еніп отыр», - деп атап өтті ішкі саясат бармасының басшысы Е.Каналимов.

Ал, қалған үш кітап блокнот ретінде шығарылған. Кітапта қаланың Бозоқтан Астанаға дейінгі қызықты, ғаламтор беттерінде жарық көрмеген тарихы айтылады. Шығарма қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шыққан. Оның құрылымы да айтарлықтай жеңіл болу үшін оқырманға Айя есімді робот көмектеседі.

«Астана қаласының тарихынан сыр шертетін заманауи кітап «Ел жүрегі - ажарлы қала Астана» деп аталып отыр. Кітап авторы Зәуре Төреханова. Ішінде екі кейіпкері бар екеу ара әңгімелесу арқылы Астананы таныстырып отырады», деп айтты Е. Каналимов.

Шара барысында Ерлан Каналимов оқырманның, кітап сүйер қауымның қалауымен, солар ұсынар тақырыптарға арнап кітап шығаруға біз дайынбыз соған сіздер атсалызсаңыздар деген тілегін жеткізді.

«Сіздер оқушылар, студенттер арасында сауалнама жүргізіп қазіргі заман оқырманын қызықтыратын тақырыптарды атасаңыздар. Біз оқырман сұранысына сай кітаптар шығаруға дайынбыз»,- деді ведомсво басшысы.

Шараға қаламыздың мектептерінің, колледждерінің тағы басқа білім ошақтарының кітапханашылары қатысты. Шара аясында оларға аталмыш кітаптар табыс етілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109