1181

«Сөз құдіреті» байқауының қорытындысы белгілі болды

18 қазанда М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Сөз құдіреті» атты І қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың аясында өткен байқауда 2-3 сынып оқушылары бақ таластырған болатын. «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау 3 кезеңнен тұрды. Соңғы кезеңге қалалық мектептерден 37 оқушы өтті.

2-сынып оқушылары арасындағы сайыста бас жүлдені – № 51 мектеп-гимназиясы, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы, І орынды – № 3 мектеп-гимназиясы, «Орталық» экономикалық мектебі, ІІ орынды – № 81 «English school» гимназиясы, № 37 орта мектеп, № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, ІІІ орынды № 50, № 38, № 70 мектеп лицейлері, № 37 орта мектеп иеленді.

Ал 3 сынып оқушылары арасында бас жүлде № 76, № 47 мектеп лицейлеріне, І орын – №81«English school» гимназиясына, №56 мектеп лицейіне, №16 орта мектепке, ІІ орын - № 54, № 38, № 31 мектеп лицейлері мен № 40 орта мектепке, № 6 гимназияға, ІІІ орын – № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейіне, № 15 мектеп лицейіне, № 18, № 36 орта мектептері мен № 30 мектеп гимназиясына бұйырды.

Айта кетейік, қалалық кезеңге өткен оқушылардың барлығы Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының арнайы балаларға арналған кітаптарымен және шағын сыйлығымен марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109