933

Елордада колледж студенттері арасында «Қазақ қызы» байқауы өтті

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақ қызы» қалалық байқауы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қалалық ішкі саясат басқармасы отбасылық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттауға және қыз балалардың мәдени-әдептілік деңгейін арттыруға, отбасында қыз балаларды тәрбиелеу бойынша «Қазақ қызы» атты қалалық қыз балалар байқауын өткізді.

«Байқау Астана қаласы колледж студенттері арасында өткізілуде. Байқаудың ерекшелігі де сол, тек колледж студенттері ғана қатыса алады және 16 мен 22 жас аралығындағы бойжеткен арулар», деп атап өтті «Қазақстан Жастары Конвентінің» ЖҚ директорының орынбасары Марат Мұхамеджанұлы.

Шараның мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау. Бойжеткен қыздардың бойына қазақ қыздарына тән ізеттілік пен инабаттылықты қалыптастыру.

«Елбасы мақаласында әр ұлттың ұлттық қасиеті болады делінген. Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді. Ұлтты ұлт ететін сол ұлттың қыздары, сол себепті де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қыздардың тәрбиесіне баса назар аударып, ұлт болашағын ойлаудың қамы ретінде өткізіліп отыр. Егер әйел ана тілінде сөйлесе, ұлт ана тілінде сөйлейді», деп айтты қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы.

Байқау төрт кезеңнен тұрады. Атап айтсақ: «Мен қазақтың қызымын» таныстыру, «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету, «Қыз еркем – кестесімен көркем» ою-өрнек ою, «Білгенге маржан» білім сайысы. Осы шараның алдыңда Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен колледж студенттерінің арасында Оразкүл Асанғазықызы «Бойжеткен назарына» атты лекциялар оқыған. Онда қазақ қызына тән тәрбие, инабаттылық, ибалылық, ізеттілік жайы сөз болған.

«Шара осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Мақсаты қыздардың тәрбиесіне аса мән беру. Қазақ халқы қыздарға инабатты, ибалы, дүниеге ұрпақ әкелетін ардақты жан деп қарайды. Бізде сол бабалар тәрбиесін жалғастыру ойында өткізудеміз», - деді ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қамбаров.

Шараға Астана қаласының колледж студенттері, ата-аналар, колледж ұстаздары қатысты. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109