1271

Студенттер арасында өткен «Қазақ қызы» байқауының қорытындысы шықты

Астана қаласының колледж студенттері арасында өткен «Қазақ қызы» қалалық байқауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қалалық ішкі саясат басқармасы отбасылық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттауға және қыз балалардың мәдени-әдептілік деңгейін арттыруға, отбасында қыз балаларды тәрбиелеу бойынша «Қазақ қызы» атты қалалық қыз балалар байқауынын қорытындысы шықты.

Байқау төрт кезеңнен тұрған. Атап айтсақ: «Мен қазақтың қызымын» таныстыру, «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету, «Қыз еркем – кестесімен көркем» ою-өрнек ою, «Білгенге маржан» білім сайысы. Осы шараның алдыңда Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен колледж студенттерінің арасында Оразкүл Асанғазықызы «Бойжеткен назарына» атты лекциялар оқыған. Онда қазақ қызына тән тәрбие,  инабат пен иба, ізеттілік жайы сөз болған.

Байқау қорытындысы бойынша I орын Көлік және коммуникация колледж студенті  Индира Кеңеске, II орын М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледж студенті  Ақниет Нұрманға, III орын Басқару колледж студенті  Айгерім Бектеубаеваға бұйырды. Ал, Еуразия гуманитарлық институтының колледж студенті Гүлім Батырбек, «ТҰРАН» колледж студенті  Әлия Долдашева, «ТҰРАН-ПРОФИ» колледж студенті Қымбат Кенжебекқызы , «Асу» гуманитарлық-техникалық колледж студенті Айымжан Сатуалдыева үздік дипломдармен марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109