1168

Жас ақындар сайысқа түсуде

Астанада ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін елордада қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 16 - 29  жас аралығындағы ақындар арасында мүшәйра жеңімпаздарын марапттау рәсімі өтуде. Жас ақындар «Мемлекеттік рәміздер мақтанашым» және «Мәңгілік ел – мұратым» тақырыбында жыр жазған болатын.

Қала деңгейінде мұндай шараны өткізудің мақсаты:  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, жас ақындардың шығармашылығын дамытуына жағдай жасау, мемлекеттік рәміздерді насихаттай отырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Марапаттау рәсіміне ҚР Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл мен Астана қаласының зиялы қауым өкілдері қатысуда.  

Жас ақындар сайысының жалпы сыйлық қоры 650 мың теңгені құрайды. І орын жеңімпазына 300 мың теңгелік, ІІ орын иегеріне 200 мың теңгелік және ІІІ орын жүлдегеріне 100 мың теңгелік сыйақы табысталмақ. Сондай-ақ, IV орын иегері «Үздік ақын» аталымы аясында 50 мың теңгеге ие болады деп күтілуде.

Мүшәйраның негізгі бөлімі Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласпақ.

Айта кетейік қалалық мүшәйра елорда әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысын орындау аясында өтіп жатыр. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109