1456

Елордада «Әке балаға сыншы» атты қалалық сайыс өтті

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Әке балаға сыншы» атты қалалық байқау өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қалалық ішкі саясат басқармасы отбасылық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттауға және ер балалардың мәдени-әдептілік деңгейін арттыруға, ұлдарды тәрбиелеу бойынша «Әке балаға сыншы» атты қалалық ер балалар сайысы өтті.

«Бұл жоба қаламызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бізде әйелдер мәселесі, гендерлік саясат, әйелдердің құқығын қорғау жиі көтеріледі, ал, әкелер институты, ұл балалардың тәрбиесін айту көбінесе кемшін қалып жатады. Осыны ескеріп біз осы әлеуметтік жобаны қолға алдық. Қазақ қоғамында әке тәрбиесі қандай, ер балалардың қандай қасиеттерге ие болуы керек дегенді түсіндіру», деп атап өтті Астана қаласы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Сәкен Есіркеп.

Байқау төрт кезеңнен тұрады. Атап айтсақ: «Өзін-өзі таныстыру», «Сұрақ-жауап», «Өнерім - өмірім», «Мен алыппын» гір тасын көтеру. Осы шараның алдыңда Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен колледж студенттеріне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Омар Жәлелұлы «Әке – асқар тау» атты лекциялар оқыған.

«Өсіп келе жатқан жастарды болашақтағы отбасының отағасы ретінде тәрбиелеу қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Отағасы болу ірі қасиеттерді қажет етеді. Оның ішінде ең бастысы жауапкершілік, іскерлік және жұбайымен үйлесе алу. Осы мәселелерді біз лекцияларымызда көтердік», дейді Омар Жәлелұлы.

Шараның мақсаты өсіп келе жатқан жастарды қазірден бастап отбасылық өмірге, отағасы болуға лайықтап тәрбиелеу. Қазақ «Әке – асқар тау» дейді. Қоғамдағы, отбасындағы әкінің беделін айқындау, арттыру.

Байқау қорытындыларына сәйкес ІІІ орынға Басқару колледжінің студенті Солдат Тойбастар, ІІ орынға ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің студенті Абзал Амангелді лайық болып танылды. Ал «ТҰРАН- ПРОФИ» колледжiнің студенті Жаңаұлан Балтабекова байқаудың жеңімпазы атанды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109