1339

Жас ақындар мүшәйрасы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

Астанада ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Елордада қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 16-29 жас аралығындағы ақындар арасында мүшәйра жеңімпаздарын марапттау рәсімі өтті. Жас ақындар «Мемлекеттік рәміздер –  мақтанашым» және «Мәңгілік ел – мұратым» тақырыбында жыр жазған болатын.

Осылайша қазылар алқасының шешімімен, жүлделі ІІІ орынды Әбіл Мирас (Астана қаласы), Дидар Ұзағалиев (Атырау облысы), Шерхан Талап (Батыс Қазақстан облысы) өзара бөлісіп, 100 мың теңгелік сыйақыға ие болды. 200 мың теңгелік ІІ жүлдені қарағандылық Ақжігіт Аманкелді қанжығысына байласа,  І орынға ие болған Рауан Қабидолдин (Шығыс Қазақстан) 300 мың теңгені еншіледі.

Ал «Үздік ақын» аталымына Әлібек Амандықов (Атырау облысы), Жәмиля Бахтиярқызы (Алматы облысы), Айнұр Полатова (Ақтөбе облысы), Ұлжалғас Мамадиярова (Оңтүстік Қазақстан облысы) лайықты деп танылды. Оларға 50 мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы табысталды.

Мүшәйраның негізгі бөлімі Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Қала деңгейінде мұндай шараны өткізудің мақсаты:  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, жас ақындардың шығармашылығын дамытуына жағдай жасау, мемлекеттік рәміздерді насихаттай отырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Марапаттау рәсіміне ҚР Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл мен Астана қаласының зиялы қауым өкілдері қатысты.

Айта кетейік, қалалық мүшәйра елорда әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысын орындау аясында өткен болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109