1212

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Ұлы дала жастары» жобасы талқыланды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарында «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды. Оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басқару офисінің менеджері Болат Атыбай Астана қаласының әкімдігінде өткен дөңгелек үстел мәжілісінде таныстырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Мәжіліске Астана қаласының ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері басқармалары қызметкерлері, бағдарламаны басқару офисінің менеджері Атыбай Болат және елордадағы 14 жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы үш бағыттан тұрады. Сол үш бағыттың бірі – «Саналы азамат». Осы «Саналы азамат» бағытының шеңберінде «Ұлы дала жастары» жобасы әзірленді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстардан жоғары оқу орындары шет қалған. Астана қаласындағы ЖОО-дарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қосу үшін осы жоба жасалды. Жобаның мақсаты - еліміз алға қойған міндеттерді жастардың бойына сіңіру», - деді Болат Атыбай.

Жобаның негізгі бастамасы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі екендігін айта өткен жөн. «Ұлы дала жастары» жобасы қазан айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Жоба жастардың белсенділігін арттыруға, яғни, ғылым, бизнеспен айналысуына жағдай жасау, жаңа бастамалар жасау, ғылыми журналдардағы шет тіліндегі мақалалардың санын ұлғайтуға әсер етеді. Мәжіліс барысында оқу орнын тамәмдаған жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі төмен екендігі жайлы, сонымен қоса жатақхана жетіспеушілігі мәселелері қызу талқыға салынды.

Жиын қорытындысы бойынша ЖОО-дары аталған жобаға өз қызығушылықтарын білдіріп, белсенді атсалысатындығын жеткізді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109