972

Елордада қала тұрғындарына латын әліпбиіне өтудің тиімділігі түсіндірілді

Астанада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұстаздар мен студенттерге латын ғарпіне өтудің тиімділігі түсіндірілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы ішкі саясат басқармасынның қолдауымен Елбасынның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру негізінде «Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтудің даму болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

«Латын графикасына өту заман талабы. Көпшілік осы мәселені талқылап, ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жүзеге асыруымыз керек. Бірақ ол қазақ тілінің ішкі табиғатына, қазақ тілінің әуезділігіне, ерекшелігіне зиянын тигізбеуі керек. Жәнеде асығып, аптығатын іс емес. Елбасы айтқандай қоғамның талқысына салып, жұртшылықпен ақылдаса отырып жасалып отырған іс. Ең бастысы латын графикасы мемлекеттік тіл мен қазақ тілі деген ұғымдарды тенестіріп, бірдейлікке өтуге негіз болуы керек», - деп атап өтті Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел.

Шара мақсаты Елбасы мақаласынның негізгі тұжырымдары бойынша халық арасында уақытылы және кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуінің даму болашағы және жаңа графикадағы бірыңғай қалып үлгісін таныстыру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109