1080

«Астана» университетінде латын әліпбиіне көшу жөнінде ғалымдармен кездесу өтті

«Астана» университетінде Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен латын әліпбиіне көшу тақырыбы жөнінде кездесу өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Іс-шара мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында латын ғарпіне сатылап көшуді жастарға түсіндіру және насихаттау.

Кездесуде құқық магистрі, гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі   Айгүл Жалмұрзина, ҚР Ғылымдар академиясының академигі  ТұрсынСыдықов, техникалық ғылымдар докторы, профессор, Инженерлік ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі  Пернехан Сыдықов, филология ғылымдарының кандидаты  Алмагүл Мұқашева түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Қазақстан Республикасының Президенті 26 қазан күні латын ғарпіне көшу туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстанның күшін нығайту үшін Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясын қолдау қажет. Себебі, латын графикасына көшкеннен кейін біздің ел латын графикасын қолданатын 80% елдерге ашық және жақын болады», - деп атап өтті Тұрсын Сыдыков.

Талқылау барысында қатысушылар қызығушылықтарын білдіріп, бірқатар сұрақтар қойып, ғалымдар тарапынан жауап алды.

«Бүгін біз ғалымдарды, өзге де Қазақстанның дамуына үлкен үлесін қосқан адамдарды шақырдық. Осы конференция ерекше статусқа ие деп есептеймін», - деді филология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Мұқашева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109