1118

Астанада «Жау жүрек мың бала» әскери-патриоттық ойындары өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді іске асырудың аясында Астана қаласында орналасқан №68655 Әскери бөлімінде «Жау жүрек мың бала» әскери-патриоттық ойындары өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді насихаттауға бағытталған іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мұрындық болды.

Әскери-патриоттық ойындарға қатысқан 18 команда әскери эстафета, жүгіру, жартылай автоматты винтовкадан ату, АК автоматын толық емес бөлшектеу және бөлшектеуден кейін қайта жинау, қанатты өткел арқылы бөгеттен өту, бөгет астынан еңбектеп қақпанға өту, гранатаны нысанаға лақтыру, бөгет жолынан өту сияқты 8 кезеңде бақ таластырды.

Осылайша, жарыс нәтижелеріне сәйкес, жүлделі ІІІ орын Политехникалық колледж командасына бұйырды. Кәсіби-техникалық колледждің намысын қорғаған команда ІІ орында. Ал Қазақстандық технология және бизнес университетінің командасы барлық қарсыластарын артта қалдырып, ойынның жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, жарыс қорытындылары бойынша, 8 кезеңнен сүрінбей өткен үздік сарбаздар да бағалы сыйлықтармен марапатталған болатын.

Әскери-патриоттық ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі эстрада жұлдыздары қатысқан концерттік бағдарламамен аяқталды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109