1360

Елордада «LAULA-2017» халықаралық балалар байқауы өтті

Астанадаөткен «LAULA-2017» бірінші халықаралық байқауына 820 бала қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Биыл алғаш рет өткізілген байқауға еліміздің тоғыз аймағы мен Ресейдің бірқатар қалаларынан келген өнерпаздар қатысты. Сондай-ақ, Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен Астана қаласының балалар шығармашылық ұжымдары белсенділік танытты. Байқаудың ең жас қатысушылары Семей қаласындағы балабақшадан келген «Нұршашу» ансамблі.

«Конкурстың  мақсаты - шығармашылық әлеуетті дамытуға жағдай жасап, балалар мен жасөспірімдер арасындағы дарынды орындаушыларды анықтау, қатысушылар бойында өзара қарым-қатынас тәжірибесін арттыру. Сонымен қатар, вокал, аспаптық музыка, хореография мен бейнелеу өнері бойынша қабілетті балаларды анықтап, олардың жетістіктерін білікті мамандарға көрсету», - деді ұйымдастырушылар.

Балалар байқауындағы түрлі аталымдарға еліміздің белгілі өнер қайраткерлері қазылық етті. Олардың қатарында ҚазМӨУ профессоры Орынбай Дүйсен, ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Хамзина, Мемлекеттік «Наз» ансамблінің жетекшісі Хадиша Ағымбаева, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық көркем сыншылар қауымдастығы ұлттық секциясының мүшесі Ардақ Юсупова мен «Оқушылар сарайы» МКҚМ директоры Ұмсын Арқабаевалар бар.

«Балалардың шығармашылық деңгейі жылдан жылға артып келеді. Көптеген жаңа балалар әндері пайда болды. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың Гран-при иегері Абдрахман Ерболатты Рига қаласында өтетін халықаралық конкурсына жіберу көзделіп отыр», - деді қазылар алқасының мүшесі ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Хамзина.

Барлық қатысушылар байқаудың дипломанты атанды. 35 қатысушы бірінші орынды, 48 қатысушы екінші орынды иеленсе, 47 үміткер үшінші орынды қанжығалады. Төрт номинация бойынша төрт жасөспірім Гран-при иегері атанды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109