1392

Сауда-экономикалық колледжде оқу барысына қажетті зертханалар ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасынның аясында Астана қаласындағы Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде «Екі деңгейлі кәсіби білім беру және бизнес – білікті маман даярлаудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Астана қаласынның медиа орталығы.

Бүгінгі іс-шара барасында «Маркетинг» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтарына арналған «Азық-түлік тауарларының сатушысы», «Бақылаушы-кассир», «Аспазшы» және «Кондитер» жұмысшы біліктіліктерін беретін оқу-практикалық зертханасының ашылу салтанаты өтті.

«Қазір білікті мамандарды дайындау тек блім беру мекемесінің міндеті емес оны жұмыс берушілермен бірге дайындауымыз керек. «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасынның аясында біз осы оқу жылында жаңадан «Тамақтандыруды ұйымдастыру»  мамандығын аштық. Осы мамандық бойынша білікті, тәжірибелі маман дайындау үшін бізге зертханалар керек болды. Осы зертханаларды ашу үшін біз Астана қаласының бизнесмендеріне ұсыныс жасадық. Олар ұсынысты қабыл алды», деп айтты Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің директоры Мырзабек Күжімов.

Аталмыш колледжге әлеуметтік серіктестер 7 млн. теңгеден астам қаржылай қайтарымсыз инвестиция құйған, ал білім ордасы осы бөлінген қаржыға зертханалар ашып отыр.

«Бұл ашылған зертханалар колледж студенттерінің оқу, білім алу, біліктілігін арттыру, тәжірибе жинақтауда үлкен қолғабыс болады, ең бастысы жұмысшы мамандығына ие болады. Мысалы орта деңгейлі маман болу үшін жұмыс мамандығын игеру керек. Қазіргі күнде біз теориядан көрі практикаға қатты көңіл бөліп жатырмыз», деп атап өтті колледж директоры.

Колледж басшысы ұжым атынан, студенттер атынан осы зертханаларды ашуға жәрдемдескен әлеуметтік серіктестеріне алғысын білдірді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109