620

Елорда жастары мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын ұсынды

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жастар арасында бүгін «Туған жер – тұғырым, туған тіл – тұнығым»тақырыбымен пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен турнирде халықаралық, республикалық деңгейде өткен шешендік өнері байқауларының үздік 4 спикері бақ таластырды. 4 қатысушының әрқайсысы мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын ұсынды. Ойынды өткізудегі мақсат – «Туған жер» жобасының маңыздылығын түсіндіру арқылы жастардың санасына отансүйгіштік рухты сіңіру, қоғамды патриоттыққа баулу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қажеттілігін насихаттау.

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Ержан Еңсебаевтың айтуына қарағанда, жастар әзірлеген мемлекеттік тілді дамыту бағдарламаларындағы кейбір ұсыныстар алдағы уақытта басқарма жұмысының негізіне алынатын болады.

«Бұл турнирді финалдық ойын деп те айтуға болады. Сайысқа ниет білдіргендердің ішіненбіз халықаралық, республикалық деңгейде өзін көрсете алған 4 үздік пікірсайысшыны қатыстырдық. Олардың әрқайсысы мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі өздерінің бағдарламаларын ұсынды. Бұл мәселені біреуі құқықтық жағынан, енді біреуі экономикалық жағынан, біреуі ғылыми тұрғыда шешуді ұсынды. Олардың кейбір ұсыныстарын өз тәжірибемізде қолданатын боламыз», - деді Ержан Еңсебаев.

Пікір сайыста жеңгендер мен жеңілгендер болған жоқ. Қатысушылардың барлығына дипломдар мен құнды сыйлықтар табысталды.

«Туған жер – тұғырым, туған тіл – тұнығым» пікірсайыс турнирі концерттік бағдарламаға ұласты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109