535

Астанадан Парижге бірегей веломарафоны өтеді

«Шектеусіз мүмкіндіктер әлемі!» ұранымен велошабандоздар Астанадан Парижге дейін шамамен 5000 км қашықтықты еңсермек, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Анашым» мүгедек балалар мен жастарды қолдау қоры «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде маңызды және өзекті «Шекарасыз спорт» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Тамыз айында зағип және нашар көретін велошабандоздар үшін үшінші рет өткізу жоспарланып отыр.

«Веломарафон патриоттық бастама, мотивациялық платформа және басқа елдердің қоғамдық ұйымдарымен тәжірибе алмасуға бағытталған. Бұл әлемде мүгедектігі бар жандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ерекше жоба», деді «Шекарасыз спорт» жобасының жетекшісі Бахтияр Базарбеков.

Оның сөзінше, веломарафон бірнеше әлеуметтік жобаны қамтиды.

«Біз осы жоба аясында мүгедектігі бар жандарға тең мүмкіндіктер жасаудың маңыздылығын көрсеткіміз келеді және қоғамды оятқымыз келеді, қоршаған ортадағы мәселелерге бей-жай қарамай, барынша мүмкіндіктерді көрсету, өзіне және айнала қоршаған жандармен пайдалы, жағымды қарым-қатынас құру», деді Б. Базарбеков.

Айта кету керек, акция жыл сайын өз шекарасын кеңейтуде. Көзі көрмейтін және нашар көретін велошабандоздар командасы қазірдің өзінде Алматы – Астана және Алматы – Ыстықкөл бағытында екі веломарафон өткізді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109