678

«Астана – мәңгілік елдің темірқазығы!» атты жас ақындар айтысы өтеді

Астана қаласының әкімдігі елорданың 20-жылдық мерейтойына арналған «Астана – мәңгілік елдің темірқазығы!» атты жас ақындар арасында айтыс өткізеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Айтысқа еліміздің барлық облыстарынан ақындар өтініш білдірген. Арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, іріктеу кезеңдерінен өткен 14 ақын 2018 жылдың 24 сәуір күні сахнада сөз сайыстырып, бақ сынасатын болады.

Іс-шараның негізгі мақсаты - ұлы дала елінің ұлы өнері айтыс арқылы жастардың шығармашылық дамуына жағдай жасау; рухани-мәдени әлеуетін сақтау, арттыру; жастар мен өскелең ұрпақтың эстетикалық тәрбие жүйесін жетілдіру, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, отансүйгіштік сезімін, адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін одан әрі қарай дамыту. 

Сонымен қатар, Астана қаласы - Тәуелсіз Қазақ елінің рәмізі, Елбасы мен халқымыздың еңбегінің нәтижесі, әрбір қазақстандық азаматтың мақтанышы екенін, елордамыздың әлемдік аренада жеткен жетістіктері мен табысын жырға қосу. Қазақстанның үлкен жетістіктерінің бірі Сарыарқа төрінде әсем Астана тұрғызу жалпы елге тиеселі ортақ жеңісі,  бүгінде қасиетті мекенге айналған елорда ұлттың рухани жаңғыруының жүрегі екенін атап көрсету. 

Ең бастысы, жарасымды әзіл-қалжыңға ұйытып, түйіткілді мәселелерді қозғайтын, жас ақындардың өрелі өнері мен бәсекелі жыр додасына барша елорда тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз. Айтыс ертең «Қазмедиа-холлда» өтеді (Қонаева көшесі 4).  Басталуы сағат 15.00.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109