596

Елордада «Тіл - парасат» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мұрындық болуымен бүгін елордада мекемелер арасында «Тіл – парасат» атты байқау өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру, Мағжан шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген жастардың ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда қаладағы мекемелердің 10 командасы бақ таластырды.

«Тіл – парасат» байқауын біз алдымен мекемелердің өзінде өткіздік. Оған қатысуға елорданың 30 ұйымы ниет білдірген болатын. Арнайы құрылған комиссия олардың әрқайсысына барып, байқаудың ұйымдастырылу деңгейіне, ұжымның толық қамтылуына өз бағасын берген еді. Бірінші кезеңнен үздік шыққан мекемелердің топтары бүгінгі қалалық байқауда өз өнерін көрсетіп жатыр», - деп мәлімдеді Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Тілдерді дамыту, талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Нұрзила Қасқатаева.

Әр топ «Таныстыру», «Терминдер әлемі», «Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын оқу» және «Салт-дәстүр» сияқты жарыстарда өз білімі мен өнерін ортаға салып, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысты.

Алайда қарсыластарын артта қалдырып, бәрінен озық шыққан үш команда ғана жеңіске лайық деп танылды. Атап айтар болсақ, техникалық реттеу және метрология комитеті мен қазынашылық департаменті командалары үшінші орынды, статистика және ішкі істер департаменттерінің командалары екінші орынды өзара бөлісті. Ал Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының командасы қанжығасына бірінші сыйлықты байлады.

Жеңімпаздарға дипломдар мен қазақтың ұлттық аспабы – домбыра табысталды.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған «Тіл – парасат» байқауы алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтеді деп жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109