583

Cұлужан Таубалдықызы – жас ақындар айтысының жеңімпазы

Астана қаласының әкімдігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде және елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана – мәңгілік елдің темірқазығы!» атты жас ақындар арасында айтыс өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Айтысқа еліміздің барлық облыстарынан ақындар өтініш білдірген. Арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, іріктеу кезеңдерінен өткен 14 ақын бүгін сөз сайыстырып, бақ сынасты.

Жас ақындар Астана қаласы – Тәуелсіз Қазақ елінің тұмары, Елбасы мен халқымыздың еңбегінің нәтижесі, әрбір қазақстандық азаматтың мақтанышы екенін, елордамыздың әлемдік аренада жеткен жетістіктері мен табысын жырға қосты. Қазақстанның үлкен жетістіктерінің бірі Сарыарқа төрінде әсем Астана тұрғызу жалпы елге тиесілі ортақ жеңісін, -бүгінде қасиетті мекенге айналған елорда ұлттың рухани жаңғыруының жүрегі екенін жырлады.

«Ұлы дала елінің ұлы өнері айтыс арқылы жастардың шығармашылық дамуына жағдай жасау. Рухани-мәдени әлеуетін сақтау, арттыру, жастар мен өскелең ұрпақтың эстетикалық тәрбие жүйесін жетілдіру, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, отансүйгіштік сезімін дамыту. Ең бастысы, еліміздің жүрегі Астана қаласының дамуын, жеткен жетістігін жырға қосу», – деді Қоғамдық даму істері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

Ақындар көрермендерді жарасымды әзіл-қалжыңға ұйытып, түйткілді мәселелерді қозғады. Айтыста жүлде қоры І орын – 500 мың теңге, ІІ орын – 300 мың теңге, ІІІ орын – 150 мың теңгені құрады.

Қазылар алқасының шешімімен І орын Cұлужан Таубалдықызына, ІІ орын Мұхит Бабақұлға, ІІІ орын Дәурен Ысқаққа берілді. Айтыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Астана қаласы әкімінің атынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109