644

«Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны басталды

Есіл ауданы әкімдігінің алаңында «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонының салтанатты түрде ашылуы болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Марафон «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жүзеге асырылып жатқан «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы аясында өткізіліп жатыр. Ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны Астана қаласының аудандары арасында өткізіледі.

«Біздің мұндағы мақсатымыз – тұрғындардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жыл басынан бері 138 түрлі іс-шара өткіздік, атап айтқанда байқау, семинар, дебат, КВН, флеш-моб, авто шеру, лекция, кездесулер», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Роман Ким.

Іс-шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ флешмоб және Астана қаласының әкімшілігінің қолдауымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109