723

Студенттерге «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының маңыздылығы түсіндірілді

Бүгін Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті бірлесіп, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы аграрлық мамандардың рөлі» атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отырыс барысында қаламыздағы жоғары оқу орындарының ұстаздары Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей бастамасымен қоғамдық сананы жаңғырту аясында қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтардың маңызы мен ішкі ғылыми мазмұны туралы студенттерге түсіндіріп, тиімді тұстарын айтып берді.

«Студенттерге «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» аясында қазіргі күні жарық көрген 18 оқулықтың ішкі мазмұны мен маңыздылығын түсіндіреміз. Елбасының бұл бастамасы өте құптарлық іс. Себебі, қазақ тіліне аударылатын бұл кітаптар өз саласы бойынша ең үздік оқулықтар. Өзім екі кітапты оқып шықтым. Аударманың сапасы өте жақсы», – дейді Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Нұрбек Шаяхметов.

Оқулықтарға қойылған талап өте жоғары. Аударылатын оқулықтарды таңдағанда мынадай өлшемдерге сай болуы тиіс. Бірінші талабы, шетелдік ең үздік университеттерде қолданылып жүрген оқулық, екінші талабы, бұл оқулықтардың бірнеше рет басылып шығып, сұранысқа ие болуы, үшінші талабы, идеялық тұрғыда бейтарап болуы. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109