775

Елорданың ұстаздары латын негізді қазақ жазуының емле мәселелерін талқылайды

Қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Астанада 14-16 мамыр аралығында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша біліктілікті арттыру» курсы өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында астаналық балабақшалардың, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен мұғалімдеріне үш күн бойы қазақ латын әліпбиінің соңғы нұсқасына, латын негізді қазақ жазуының емле мәселелері мен кірме сөздердің орфографиясына қатысты дәрістер оқылмақ.

 «Бұл – аталмыш курс бойынша тыңдаушылардың екінші легі. Оған 46 тыңдаушы қатысып жатыр. Біз латын қарпіндегі қазақ әліпбиімен үлкен жұмыс жүргізіп жатқан А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдарын, тіл мамандарын Алматыдан арнайы шақырдық.

Мақсатымыз – теоретиктер мен практиктердің басын бір алаңда қосу. Жаңа әліпби бекітілгенімен, орфографиялық ережелер әлі нақты емес. Осылайша біз бүгінгі таңда білім беру мекемелерінде жаңа қазақ жазуын үйрету ісінде қандай кедергілердің бар екендігін анықтаймыз», – дейді тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Нұрзила Қасқатаева .

Айта кетейік, курстар бірнеше кезеңнен тұрады. Мамандар толық даярлықтан өткен соң ғана, сертификаттарға ие болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109