1330

Жастар ғалымдармен жүздесті

М. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру жаңа білім саласының көк жиегі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиналғандар «Жаңа Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Шараға Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Рақымжан Тұрысбек, Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Темірхан Тебеген, Евразия Ұлттық Университетінің профессоры Қорғанбек Болат қатысты.

«Ұрпақты біліммен тәрбие беру міндетінің басты құралы әлемдегі әлеуметтік гуманитарлық бағыттар үшін үздік болып танылған 100 оқулықты бәсекеге қабілетті болуға көмегін тигізеді деген сенімдеміз», - деді Абай атындағы Мемлекеттік педогогикалық университетінің профессоры Темірхан Тебеген.

Дөңгелек үстелге қатысқан студенттер де жобаға қатысты өз ойларын айтып, қонақтарға сұрақтарын қойды.

Айта кетсек, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең үздік жүз кітапты қазақ тіліне аударуды тапсырған еді.

Бүгінгі таңда алғашқы 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шыққан. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109