1569

Термешілер Астананы жырлайды

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Жырлаймын сені Астана» атты термешілер байқауын жариялайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқаудың негізгі мақсаты – ұлтымыздың төл мәдениеті мен өнерін жан-жақты дамыту және дәріптеу, көпшілікке терме тарихын таныстыру.

«Термешілер арасындағы байқау Астананың 20 жылдығына арналып отыр. Оған қатысамын деушілердің жасына шектеу қойылмайды. Халқымыздың тарихын, мәдениетін, этникалық даму жолын меңгермей, қазақтың рухани және адамгершілік құндылықтарын сіңірмей Қазақстанның заманауи дамуы мүмкін емес. «Жырлаймын сені Астана» байқауы осы орайда ұйымдастырылғалы тұр», – деп мәлімдеді Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында.

Байқауға өтінімдер terme_20@mail.ru поштасы 18 маусымға дейін қабылданады.

Термешілер сайысы 20 маусымда өтеді деп жоспарланған.

Толығырақ ақпарат 8 702 202 00 77, 8 (7172) 55 67 02 нөмірлері бойынша.



Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109