1720

Астанада «Жастар синергиясы» лагері ашылады

20 маусым күні сағат 15.00-де Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар синергиясы» лагерінің салтанатты ашылу шарасы бастау алады. Лагерь мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шара негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Лагерьге 16 мен 29 жас аралығындағы елорданың ең белсенді, креативті деген жастарынан 150 адам қатысады. Одан бөлеқ арнайы қонақ, спикер, коуч-тренер ретінде елімізге танымал 25 тұлға бар.

Тіркеуден өткен жастар ұйымдастырушылар ұсынған 5 бағыт (Жастардың әлеуметтік дамуы; Жастар және бизнес; Жастар, мәдениет және спорт; Жұмыссыздықтың алдын алу және кәсіби бағдар жұмысын өткізу; Жастар және ақпарат толқынында) бойынша 50 топтық және 15 жекелей жобалар ұсынып отыр.

Алдағы үш күн бойы қатысушылар арнайы шақырған коуч және бизнес тренерлер, елімізге танымал тұлғалар және өзінің стейкхолдерлерімен бірге жобаларын толықтырып жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Жастар синергиясының мақсаты – жастар креативін, талантын, шығармашылығы мен бастамасын қолдау, жастардың белсенділігін қоғам игілігіне бұру. Сонымен қатар, жастарды рухани-мәдени әлеуетінің дамуына, саламатты өмір салтын ұстануына, жан-жақты дамуына жағдай жасау. Жастар бойында елге, жерге деген ыстық сезім мен белсенді азаматтық ұстанымын нығайту. Ең бастысы, рухани жаңғыру үрдісінде жастардың үлесі қоғам мен мемлекет мүддесі үшін елеулі екенін жастарға түсіндіру. Жастар жігерін бір арнаға тоғыстыра отырып елдің әлеуметтік-экономикалық саласына бұру.

«Жастар Синергиясы» лагері барлық қатысушылар үшін тегін өткізілуде. Өтетін уақыты: 20-22 маусым, 2018 ж.

Қатысушылар мінген автобустар «Жастар сарайы» алдындағы тұрақтан сағат 10:00-де жүреді. Журналистерге арнайы орындар бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109