843

Тһе Spirit of Astana музыка фестивалі қонақтар үшін танымдық болмақ

Қазақстан жерінде бастау алып, ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие болған The Spirit of Tengri халықаралық жобасы Астана қаласының 20 жылдығы аясында 3 күнге созылатын The Spirit of Astana 2018 музыкалық шоуын өткізбек, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шілденің 6, 7 және 8 күндері сағат 17:00-де «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда әлемнің 20-дан астам елінен келген 18 өнер ұжымы шығады.Фестиваль қонақтары мен көрермендернің назарына жанды дауыста орындалатын керемет туындылар және іс-шараға қатысушы елдер туралы танымдық интерактивті фильмдер ұсынылады.Келушілер дәстүрлі аспаптардың әуезді үндері мен заманауи технологиялардың ерекше үйлесіміне куә болады.

Фестиваль шымылдығын өзбектің «Abbos» тобы мен көмеймен ән айту шеберлерінің ерекше шоуы ашады. Қазақстан атынан «Aldaspan» этно-рок тобы, көмеймен ән айту шебері - Еділ Құсайынов пен Satzhan Project және диджейлер - Nariman Issenov, Arsen Superfly, Алёна Лобастова, Ras Ed өнер көрсетеді.

Қазақстандық көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп үлгерген түркиялық«BaBa ZuLa» тобы The Spirit of Astana 2018 фестивалінің сахнасына алғаш рет шықпақ. Украиналық «The Doox» тобы да шараға тұңғыш рет қатысқалы отыр. Музыканттар көрермен назарына көне украиналық фольклордың электр және рок-әуендермен ерекше үйлесімін паш етеді.

Жапониялық «Oki Dub Ainu Band» тобы елорда тұрғындары мен қонақтарын көне айну халқының музыкалық мәдениетімен таныстырады. Биыл The Spirit of Astana 2018 фестивалінде Африканың музыкалық мәдениетін «Mamadou Diabate & Percussion Mania» және «Habib Koité & Bamada» топтары ұсынады.

Сонымен қатар, The Spirit of Astana 2018 сахнасында этникалық үндістерден құрылған «Indiogenes» тобы да шығады. Бұл -Аляска мен Ла Патагонияға дейінгі күллі Америка құрлығындағы үндістердің тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін жырлайтын ерекше жоба. Американың бай музыкалық мұрасын Қазақстанға алғаш рет келген «Dirtwirе» тобы да паш етпек. Folk project Katya Yamschikova астаналық көрермен назарына орыс халқының ұлттық әуендерін ұсынады.

Өткен жылғы фестивальда алматылық көрермендерге ерекше ұнаған ЛауритаПеленьюте жетекшілік ететін литвалықMarga Muzika ұжымыThe Spirit of Astana 2018 фестивалінде алғаш рет өнер көрсетеді.

Грузия халқының дәстүрлі ән айту және би өнерінің майталмандары –«GeoTRAIN» тобы биыл да фестивальға қатысып, келушілерді жаңа бағдарламасыментәнті етпек. Ирландиялық«Jiggy» және мажарстандық «Kerekes Band» топтарының өнер көрсетуін The Spirit of Astana 2018 фестивалінің көрермендері алғаш рет тамашалайды.

Оған қоса, астаналықтар мен шаһар қонақтарының алдында тувалық Khoomei Beat ұжымы мен курай аспабында ойнау шебері, башқұртстандық Роберт Юлдашев пен «Курайсы» тобы өнер көрсетеді.

The Spirit of Astana - мультимәдени жоба, оның мақсаты - Ұлы Дала жəне күллі əлем халықтарының мəдени мұрасымен таныстыру, Қазақстан жерінде заманауи этникалық музыка өнері жұлдыздарының басын қосу.

The Spirit of Astana фестивалі бүгінде әлемге танылып үлгергенThe Spirit of Tengri жобасы негізінде 2017 жылы бастау алды. The Spirit of Astana 2018-EthnoWorld жанрындағы әлемдік жұлдыздар бір сахнада өнер көрсететін керемет концептуалды шоу, Астана тұрғындары мен елорда қонақтарының ерекше атмосферасы бар сүйікті музыкалық мерекелерінің бірі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109