976

Елорда маңындағы Патша қорғанынан әйелдерге тиесілі әшекейлер табылды

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Қазақстанның қасиетті жерлері» арнайы бағдарламасы шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасы мен Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің К. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп Мемлекет қорғауындағы Күйгенжар қорғанында қазба жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Институт археологтары екі апта бойы тынымсыз еңбек етіп, зерттеу жұмыстары барысында қорғанның жоғарғы қабатындағы бастапқы жеті қабір ашылып, зерттелген. Археологтар тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандитаты, К. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдулинаның айтуынша, жерлеу рәсімі бойынша зираттар жобамен 15-16 ғғ. жатқызылған.

«Айта кетейік, олар мұсылман дәстүрімен жерленген. Жалпы қорымнан әзірге жеті қабір қазылды. Осы жетеудің ішіндегі екі моладан әшекейлер табылып отыр, біреуін біз әйел адамның қабірі деп отырмыз. оның ішінде қола сырға мен күміс жіп болды. Ал екіншісін бойжеткен қыз баланың қабірі деп топшыладық, себебі табылған неке жүзігі жерленген мәйіттің оң саусағында болды», - деді археологиялық топтың жетекшісі Марал Хабдулина.

Қорған Қарағандыға баратын жолда Күйгенжар шатқалында орналасқан. Қазіргі кезде сақтар қорғанының шетінде қазақ зираты бар. Таспен жабылған қорғанның биіктігі 4 м, диаметрі - 60м. Оның гранит тастары Нұра өзенінің жағасынан алынғаны белгілі.

«Қазір Астана қаласы аумағында жергілікті маңызға ие 46 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Осы 46 ескерткіштің 12-сі археологиялық ескерткіш. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Киелі Қазақстан» арнайы жобасының аясында осы жылы 4 археологиялық ескерткішке ғылими-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, ал осы қорғандағы жұмыстар соның басы», - деді Мәдениет және спорт басқармасының бөлім басшысы Асқар Қалыбаев.

Асқар Қалыбаевтың айтуынша, тура осы қорғанның таңдалған себебі осы жердегі ауыл зираты қорғанға тақап қалған. Бір-екі қабір тура іргелес қазылған.

«Қорымға қарап отырсаңыздар жер қатпарынан да байқалады. Топырақ қабаты сары, қоңыр түсті. Біз осы қорымның нақты қай ғасырға жататының анықтау үшін төрт бас сүйектің азу тісі мен алдыңғы тістерін алып Италияға, ал антропологиялық сынама жүргізу үшін сүйектерді Алматыға жібереміз. Онда адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін анықтайды», - дейді Марал Хабдулина. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109