1010

Елордада «Абай әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті

Бүгін Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай әлемі» атты әдеби-сазды іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Абай ескерткішінің алдында өткізді. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухына тағзым ету, Абайдың рухани құндылықтарын көрсете отырып, әдеби мектебін, тіл мектебін, ұлт пен рух мектебін ашу, ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру.

Абайдың туған күніне арналған іс-шара ең алдымен Абай ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Әдеби-сазды кештің шымылдығын Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен ақын Несіпбек Айтұлы ашты.
«Абай қазақ руханиятының жарық жұлдызы, әр заманда түлеп, жаңарып отырады. Абай – өз заманын жаңғыртқан, жаңартқан ақын. Абай халқын ұлы мәдениетке, ұлы руханиятқа шақырды», деді ақын, Мемелекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай, дәстүрлі ән дүлдүлі Ерлан Рысқали өзге де елорда өнерпаздары Абай әндерін орындады.

«Біз Абай атамыздың рухани мұрасына қайта-қайта оралып, оның терең тұңғиығына бата түсеміз. Себебі Ұлы ойшыл атамыз шығыс поэзиясында қалыптасқан ұлы дәстүрлерді жалғастырушы ғана емес Фердоуси, Зинами, Әлішер Науаи секілді шығыстың Ұлы ойшылдарының ізбасары, рухани ойды одан ары дамытушы. Адамзат өркениетіне өз үлесін қосқан ұлы қайраткер», - деді Ермек Аманшаев.

Сонымен қатар, кеште Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі қазақ күйлері мен түрлі композициялар тарту етіп, танымал күйші Айбек Бекбосын Абайдың күйін шертті, Абайдың образы сомдалып, монологтар оқылды, жас ақындар Абай өлеңдерін және ақынға арналған өз жырларын оқыды.

Сондай-ақ, көпшілікке арналып ашық аспан астында «Абайдың мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Хакім Абайдың туған күніне арналған шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен ақсақалдар, қала басшылығы, оқу орындарының, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109