1359

Шыны қалай шынықты

Астана қаласындағы ірі шыны зауыты жұмыс қуатын арттыруда, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«КСС Астана» шыны зауыты өнеркәсіптік толық күшіне енді. Зауыт 2014 жылы іске қосылған болатын. Қазіргі таңда кәсіпорын жылына 100 мыңға жуық дайын өнім шығарады.

«КСС Астана» өндірістік директоры Марина Дмитриеваның айтуынша, зауыт мұндай көрсеткішке 36 млн. теңгеге сатып алынған жаңа заманауи құрылғылар арқылы жеткен.

«Біз нөлден бастадық, бірақ небары 3 жылдың ішінде осындай көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз және бұл біздің бар мүмкіндігіміз емес. Біздің зауытта бәрі қарастырылған: күрделі тапсырыстарды орындауға арналған жабдық, бұйымдарды бояу, триплекс желісі бар. Осы кешенде біз кез келген технологиялық міндетті шешеміз», - дейді М.Дмитриева.

Марина Дмитриева осы салада 30 жылдық тәжірибесі бар маман. Ол еліміздің ЖОО немесе кәсіби білім беру орындарында осы салаға мамандар дайындамайтынын айтып қынжылды. Ал, осындай заманауи технологиялық зауытқа кәсіби мамандар ауадай қажет.

«Кәсіпорын күніне 500-600 шаршы метр дайын өнім шығарады. Біз бұдан да мол өнім шығаруға қауқарлымыз. Айта кетсек, біздің кәсіпорын базасында адамдар дайындық курстарынан өтеді. Қазір ол адамдар өте жоғары кәсіби маман», - деп атап өтті М. Дмитриева.

Зауыт ашылған кезден бастап энергия үнемдейтін, күн көзінен сақтайтын шыны желісі іске қосылған. «КСС Астана» директорының айтуынша, заманауи жаңа жылу үнемдегіш шыны пакеттерді қолдана отырып жылуға кететін шығынды төмендетуге болады.

«Иә, біз тек шыныдан жасалған өнім шығармаймыз, біз өте сапалы жылу үнемдегіш, энергия тиімділігі жоғары шыны шығарамыз. Әлем бойынша ғимараттарда жылуды сақтап, сол арқылы үнемдеуге бас ауыртқанда, біз бұл бағытта жұмысты бастап кеттік. Қазір барлық шыны зауыттары жоғары жылу тиімділігін сақтайтын шыны шығаруға ден қойған. Бұл қымбат өнім, дегенмен қазіргі заман ғимараттарында жылу энергиясын сақтауда өзін ақтаған өнім. Қыс мезгілінде жылуды сақтап, ал, жазда өте жайлы қоңыр салқын ауа қалыптастырады», - дейді Л.Шепелева.

Жылу үнемдегіш және қауіпсіз шыны пакеттер шығару зауыт құрылысы ТКШ саласын жаңғырту жобасы бойынша іске асқан. Қазір еліміздегі жылу үнемдегіш шыны материалға деген сұранысты қамтамасыз етіп отыр. 

Бұл өнімді қолдану аясы Қазақстанда және ТМД елдерінде қанатын кеңге жайып келеді. Қолданатын саласы: құрылыс, интерьер, көлік, сауда-көрмелік жабдықтар.

Бұлдай өнім энергия үнемділігі бойынша ғимаратты жылыту және салқындатуға қолданылады. Шыныны шынықтыру барысы 650-700ºC -ға дейін қыздыру және бірден салқындату арқылы жүзеге асады. Бұл өз кезегінде шынынын суыққа және ыстыққа өте төзімді болуын қамтамасыз етеді. 

«КСС Астана» қазіргі таңда шыны өнімін шығаруға байланысты алдыңғы қатарлы кәсіпорындар қатарына жатады. Компания «ЕХРО-2017» көрмесіне шыны өнімдерін жеткізген бірден-бір кәсіпорын. Қазақстанның «Нұр-Әлем» көрме ғимараты осы зауыт өнімімен жабдықталған.

Мәтін: Әділхан ЕЛЕМЕСОВ

Фото: Әділхан ІЛИЯСОВ

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109