1710

Индустриалды Астана: «Led System Media» зауыты қоймаларға арналған жарық диодты шамдарды өндіре бастайды

Жарық диодтарды өндірумен айналысатын «Led System Media» ЖШС бүгінгі күнге дейін 280 млн теңгенің өнімін шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

2013 жылы іске қосылған кәсіпорын жылына жарықтандыру құрылғыларының 100 мың данасын шығарады. Алайда зауыт бұдан да артық өнім шығаруға қауқарлы.

Зауыт өндіретін жарық диодты құрайтын жарықтандыру құрылғылары электр қуатын 3,5 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл құрылғыларды пайдалну мерзімі 15 жылға дейін жетеді екен. Сонымен бірге, өнімдер экологиялық тұрғыдан қарағанда таза әрі қауіпсіз болса керек. Компания оларды «Semileds» (АҚШ) технологиясы бойынша өндіреді.

«Led System Media» ЖШС-нің бас директоры Амангелді Таукеновтың айтуына қарағанда, бұл жарық диодты құрылғыларды өндірумен айналысатын Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорын.

Онда қуаттылығы өте жарқын жарық диодтардың айына 1 млн данасын шығаруға қауқары бар корпустендіру қатары орналастырылған. Мұндай шамдардың жарамдылық мерзімі 50 мың сағатты құрайды. Кәсіпорында, сондай-ақ, сағатына 40 мың компонентті шығаратын сыртқы монтаж қатары мен дайын өнімді құрастыратын цех бар.

«Біздің өнім бірнеше деңгейге бөлінген. Олардың бірі – жоғары технологиялық бөлім. Мұнда жарық диодтардың өзі өндіріліп, дайын өнімдер тақтаға орнатылады, толымдауыштар жасалып, құрастырылады. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен ие болған гранттың арқасында біз өндірістің вертикалды түрде құрылымын құрдық», - деп атап өтті А.Таукенов.

Өткен жылы кәсіпорын «Ғылым қорының» грантына ие болған-ды. Жоба қоймаларға арналған нанофосформен жабылатын екінші буынды жарық диодты шамдарды дайындауға бағытталған. Аталмыш жобаның арқасында көкөністерді зауыт белсенді түрде агрофотникамен айналыса бастады. Қазіргі таңда қаржыландыру шаралары жүргізіліп жатыр.

Кәсіпорын жетекшісінің сөздерінше, қоймаларда жарық диодты шырағдандарды қолдану жобасының іске қосылуы өсімдіктерді өсіру жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Мұндай шырағдандардың көмегімен бір жылдың ішінде мол өнім жинауға болады.

«Жоба келесі жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Жарық диодты жарықтандырудың бірегей схемасы өсімдіктің өсу жеделдігін арттырып, жиналатын өнім көлемін ұлғайтып, екпе өсімдіктің сапасын жоғарылатуға ықпал етеді. Суық климаттағы қалалар мен ауылдардың маңайында азық-түлік базасы пайда болады. Біз жыл бойы өзімізді жасанды топырақта өсірілетін көкөністермен қамтамасыз ете аламыз», - деп атап өтті А. Таукенов.

Зауыттың бас директоры атап өткендей, аталмыш жоба кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндік сыйлай алады. Франшизаны сатып алу арқылы кәсіпкерлер көкөністер өндірісімен айналыса алады.

«Бұл жобаны дайын бизнес жоспар деп атауға болады. Біз технологиялық тізбегі бар қоймаларға арналған кешенді шешімдерді ұсынамыз. Бұл автоматтандырылған жүйе болмақ. Дәлірек айтқанда, жарық пен су уақытында беріліп тұрады. Қазіргі таңда біз жобаның коммерциялық құрамдас бөлігін есептеп жатырмыз. Шамамен, 7000 шаршы метр болатын аудан үшін оның құны 1 млн АҚШ долларын құрайтын болады. Бүгін біз сынамалы қойманың қаңқасын дайындап қойдық, - деді А.Таукенов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда зауытта 28 адам жұмыс істейді. Мамандар Ресей мен Қытайдың өндірістік орындарында біліктіліктерін арттырған.

Кәсіпорын әлемдегі ірі өндірушілермен ынтмақта жұмыс істейді. Үздіктердің тәжірибесін ескере отырып, серіктестік қызметкерлері Қазақстандағы инновациялардың дамуына өзіндік үлес қосуда.

«Өзіміздің жақында ғана ашылғанымызға қарамастан, біз ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Біз елімізді үздік импорттық өнімдерге сапасы жағынан дес бермейтін отандық энергия үнемдейтін технологиялардың қол жетімділігімен қамтамасыз еткіміз келеді», - деп түйді А. Таукенов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109